Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Қызылорда туристік маусымға қалай дайындалып жатыр
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 20 сәуір, 2026 | 15:30
1 мин. - оқу уақыты

Қызылорда туристік маусымға қалай дайындалып жатыр

Былтыр өңірде қызмет көрсету көлемі 42,8%-ға өскен

Doğan Alpaslan Demir / pexels
Doğan Alpaslan Demir / pexels

Былтыр Қызылорда облысына келген туристер саны 212 278 адамға жетіп, 25,4%-ға артқан, деп хабарлайды QazMonitor.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылы қызмет көрсету көлемі 3 млрд 288 млн теңгеге, яғни 42,8%-ға өскен.

Қазір өңірде туристер мен жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, қайта жаңғыртылған теміржол вокзалы мен «Қорқыт ата әуежайына» үш тілде ақпарат беретін виртуалды карталар мен QR кодтар орнатылды.

Сондай-ақ заманауи музей ашылып, демалыс парктері жаңартылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халық көп шоғырланатын орындарға он бес 102 және SOS дабыл батырмалары қойылды.

Бұдан бөлек туристік инфрақұрылымды дамытуда бес, үш жұлдызды IBIS Qyzylorda, Pana қонақ үйлері салынып, аудандардағы теміржол вокзалдары жаңғыртылып жатыр.

Сонымен қатар өңірде туристендіру картасына енген 13 нысанда нақты шаралар қолға алынды. Жергілікті бюджет есебінен Жосалы кентінен Марал баба кесенесіне дейінгі 6,5 шақырым жол жөнделді. Байқоңырдағы зымыран ұшырылымын көрушілерге арналған 400 орындық заманауи киіз үй форматындағы бақылау пункті ашылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.