Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Жетісу облысында Сиверс алма ағашының гүлдеуі фестивалі өтеді
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 29 сәуір, 2026 | 17:45
1 минуттан кем мин. - оқу уақыты

Жетісу облысында Сиверс алма ағашының гүлдеуі фестивалі өтеді

Фестиваль Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ұйымдастырылады

Johannes Rampp / pexels
Johannes Rampp / pexels

2 мамырда Жетісу облысында Сиверс алма ағашының гүлдеуіне арналған ауқымды фестиваль өтеді. Фестиваль ҚР Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген, деп хабалайды QazMonitor.

Сиверс алмасы – қазіргі барлық мәдени алма сұрыптарының арғы тегі. Оның гүлдеу кезеңінде тау бөктерлері ақ-қызғылт реңктерге боялып, ерекше табиғи көрініс қалыптастырады. Бұл өз кезегінде экологиялық туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасайды.

Фестиваль гүлдеген алма бақтарының панорамалық көріністері, пленэр форматындағы көркемсурет байқауы, хедлайнерлердің қатысуымен мәдени-ойын-сауық бағдарламасы, ұлттық спорт ойындары мен қолөнершілер жәрмеңкесі мен шеберлік сағаттары өтеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.