Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Түркістан облысында Хантағыда жаңа демалыс аймағы салынып жатыр
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 04 мамыр, 2026 | 13:02
1 мин. - оқу уақыты

Түркістан облысында Хантағыда жаңа демалыс аймағы салынып жатыр

«Хантау» капсулалық кешені өңірдің туристік әлеуетін арттырмақ

Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысының әкімдігі

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылындағы тау бөктерінде заманауи капсулалық демалыс орындары салынып жатыр, деп хабарлайды QazMonitor.

Қазіргі таңда «Хантау» демалыс аймағының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба туристер үшін қолайлы жағдай жасап, өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған. Бастаманың жалпы құны шамамен 1 млрд теңгені құрайды.

Жоспарға сәйкес, демалыс аймағы бір мезетте 200-ден астам қонақты қабылдай алады. Сонымен қатар, ай сайын 20 мыңға жуық туристке қызмет көрсету көзделіп отыр. Бұл жоба ішкі және кірме туризмді дамытуға серпін беріп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да ықпал етеді.

Инвестор тарапынан инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, су үстінен көпір салу жоспарланған, сондай-ақ 6 шақырымға дейін электр желілері тартылған. Бұл болашақта осы аумақта кәсіп ашуға ниетті азаматтар үшін қолайлы жағдай жасап, жаңа инвестициялық жобалардың іске асуына негіз болады.

Жалпы, жаңа демалыс аймағы табиғат аясында сапалы әрі заманауи демалыс ұсынатын бірегей орынға айналып, Түркістан өңіріндегі туризмнің жаңа орталығы болмақ.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.