Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Оңтүстік Кореяның кино компаниясы Алматы облысында телехикая түсіріп жатыр
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 22 мамыр, 2026 | 15:32
1 мин. - оқу уақыты

Оңтүстік Кореяның кино компаниясы Алматы облысында телехикая түсіріп жатыр

Түсірілім қазақстандық «Atadala» продакшнымен бірлесіп жүріп жатыр

gov.kz
gov.kz

Әлемдік деңгейдегі сериал Ұйғыр ауданындағы Дардамты ауылында, Айлы және Қара шатқалдардың аумағында Қонаев қаласындағы Іле өзенінің жағалауында түсіріледі, деп хабарайды QazMonitor.

Түсірілім алаңына арнайы барып Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, жобаның іске асырылу барысымен танысты.

Түсірілім алаңында актерлер, каскадерлер, техникалық қызметкерлер және жергілікті мердігер ұйымдар жұмыс істеуде.

Жобаны дайындау және жүзеге асыру барысында Алматы облысындағы қонақүйлер, қоғамдық тамақтану орындары, көлік қызметтері пайдаланылуда. Түсірілім жұмыстарына жергілікті тұрғындар да тартылған.

Жобаның бас продюсері – Руслан Пак. Сериалдың көрсетілімі 2027 жылға жоспарланып отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.