Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Қазақстанның туристік саласы мемлекетке 630 млрд теңгеден астам салық түсірді
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 10 маусым, 2026 | 14:40
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстанның туристік саласы мемлекетке 630 млрд теңгеден астам салық түсірді

Туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңге деңгейіне жетті

Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Бүгінгі таңда бұл салада 600 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Оның айтуынша, елімізге келген шетелдік туристердің шығындары $2,9 млрд құраған. Бұл ретте туристік салаға тартылған инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 33%-ға өсіп, 1,3 трлн теңгеге жеткен. Ал салық түсімдерінің көлемі 18%-ға ұлғайып, 630 млрд теңгені құрады.

Жаңартылған заңнама аясында балалардың мен экологиялық демалысқа ерекше көңіл бөлінген. 18 жасқа дейінгі балалар үшін ұлттық саябақтарға кіру тегін. Бұл шара ішкі туризмнің қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ каникул кезеңінде өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.