Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Маңғыстауда Джеки Чанның қатысуымен фильмнің түсірілімі басталды
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 19 маусым, 2026 | 17:16
1 мин. - оқу уақыты

Маңғыстауда Джеки Чанның қатысуымен фильмнің түсірілімі басталды

Жаңа фильм Қазақстанның туристік әлеуетін әлемге танытпақ

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында Джеки Чанның қатысуымен «Құдайдың сауыты 4: Ультиматум» атты халықаралық киножобаның түсірілім жұмыстары басталды, деп хабарлады Туризм индустриясы комитеті.

Жобаны отандық екі кинокомпания – Sәlem Entertainment пен Dala Edge Creative Tech Park бірлесе жүзеге асыруда.

«Бұл бастама отандық киноиндустрияны дамытуға және ірі халықаралық жобаларды тартуға белсенді ықпал етіп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен мүмкін болды. Өз кезегінде, өңірдегі түсірілім процесіне Маңғыстау облысының әкімдігі жан-жақты қолдау көрсетуде», делінген ақпаратта.

Шығармашылық топ 7-12 маусым аралығында жұмыстың алғашқы кезеңін өткізген. Фильмнің негізгі түсірілім орындарының бірі – Бозжыра шатқалы болды. Түсірілім жұмыстарын бастамас бұрын ауқымды дайындық жүргізілді: 2025 жылы өңірдегі қолайлы табиғи локацияларды іріктеу шаралары өткізілді. Кинотуындының әлемдік премьерасы 2027 жылдың ақпан айына жоспарланған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.