Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. «Формула-1 H2O» жарысы Қапшағай су қоймасында өтуі мүмкін
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 31 шілде, 2026 | 17:42
1 мин. - оқу уақыты

«Формула-1 H2O» жарысы Қапшағай су қоймасында өтуі мүмкін

Жарысты тамашалауға бес мың турист келеді деп жоспарланып отыр

Ljubisa Pokrajac / pexels
Ljubisa Pokrajac / pexels

Әлемге әйгілі судағы «F1H2O» сайысы алдағы 5 жыл бойы Қапшағай су қоймасында өтуі мүмкін. Халықаралық сайыстың ұйымдастырушылары арнайы Алматы облысына келіп, өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевпен кездесті. Жиында әлемдік F1H2O ұйымы, iHolding компаниясы және Сауд Арабиясынан келген ресми делегация өкілдері мен Алматы облысының әкімі 2027 жылғы әлем чемпионатын Қонаев қаласында өткізу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды QazMonitor Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап,

Жарысқа шетелден кемінде 5 мың қонақ келеді деп күтілуде. Сондай-ақ су бетіндегі шеберлік пен жылдамдықты жақсы көретін 1 миллиардқа жуық көрермен жарысты тікелей эфирден тамашалайды деп күтілуде.

KSA ProMediaPortal және F1H2O ұйымдарының өкілі әрі басқарма төрағасы Яссер Әли Әл-Ями қазіргі таңда чемпионатқа 11 мемлекет қатысатынын айтты. Бұл талабы жоғары күрделі жарыс болғандықтан, мұнда арнайы дайындықтан өткен командалар ғана бақ сынай алады.

Чемпионат барысында көрерменнің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіледі. VIP-аймақтар, жарысты басқару орталығы, командалардың дайындығына арналған аумақ және медиа орталық қарастырылады. Сондай-ақ отбасылық демалысқа арналған орындар да құрылады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.