Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. «Ауыл аманаты» жобасы қандай мүмкіндіктер береді
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 25 қазан, 2025 | 12:29
1 мин. - оқу уақыты

«Ауыл аманаты» жобасы қандай мүмкіндіктер береді

Мемлекет туризм саласындағы жобаларды қолдайды

Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

«Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және ауылдық аумақтарда жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беріп отыр. Осы бағдарлама аясында Ұлан ауданының Тоғанас ауылында жаңа туристік демалыс аймағы салынуда, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.

Жобаның қатысушысы, жергілікті кәсіпкер Меруерт Бауыржанқызының айтуынша, бүгінде демалыс үйлерінің құрылысы аяқталу сатысында. Барлық құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде жүргізіліп жатыр.

Жаңа демалыс аймағы табиғаты әсем өңірде орналасқан. Мұнда демалушылар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалмақ: жайлы қонақ үйлер мен жылыжай үлгісіндегі демалыс үйлері, – балаларға арналған ойын алаңы, отбасылық демалыс аймақтары, табиғи таза тағамдар ұсынатын асхана мен жазғы шатырлы орындар бар.

Демалыс орны тек жаз мезгілінде ғана емес, жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істейтін болады. Қыста қонақтар атқа міну және табиғат аясында демалу, көктем мен күзде экотуризм бағытындағы шаралар ұйымдастырылмақ.

Бұл бастама ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ ауыл экономикасын дамытуға жол ашады.

Жаңа туристік нысанның ашылуы Тоғанас ауылының дамуына тың серпін беріп, өңірдің ішкі туризм әлеуетін арттыруға үлес қосатыны сөзсіз.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.