Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. «Shymbulak» курортында қысқы маусым ашылды
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 09 желтоқсан, 2025 | 16:51
1 минут - оқу уақыты

«Shymbulak» курортында қысқы маусым ашылды

Биылғы он айда Shymbulak курортына 1,1 млн турист келген

gov.kz
gov.kz

Shymbulak тау-шаңғы курортында қысқы демалыс маусымы ашылды. Биылғы 10 айда курортқа 1,1 млн турист келген. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Әкімдік мәліметінше, 2025 жылы қаңтар-қараша айларында Іле-Алатау ұлттық саябағына 901 мың адам, ал қаңтар-қазан аралығында Shymbulak курортына 1,1 млн турист келген.

Курорт жаңа маусымда туристік белсенділік аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Le Mont алаңында әр сенбі сайын күндізгі après-ski өтеді. Қазіргі күні Талғар, Жасыл Алаң, Ақ Аю және Ақбарсық трассалары жұмыс істеп тұр. «Қосымша беткейлер мен Талғар асуынан түнгі сырғанау алаңдары ауа райы тұрақты суытқан сәттен бастап іске қосылады», деп қосты әкімдікте.

2025 жылдың үш тоқсанында Алматыға 563 мың шетелдік турист келген, ал жыл соңына қарай олардың саны 750 мың адамға дейін артады деп жоспарланған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.