Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Француз телешоуы Алматыны әлемге көрсетті
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 06 қаңтар, 2026 | 12:38
1 мин. - оқу уақыты

Француз телешоуы Алматыны әлемге көрсетті

«Мұзды жол» бағдарламасы қаланың көркем жерлерінен сыр шертті

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Францияда танымал «Pekin Express» телешоуының жаңа қысқы маусымы «Мұзды жол» Қазақстанда түсіріліп, Алматының табиғи және тарихи ерекшеліктерін көрсетті, деп хабарлады QazMonitor-ға Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Түсірілім тобы қаланың маңызды нысандарын аралап, оларды экран тілінде көрсетті. Вознесенский соборы, Орталық мемлекеттік музей, Республика Сарайы, М. Горький атындағы орталық саябақ, Астана алаңы, Амангелді Иманов атындағы сквер, «Sputnik Mall» сауда орталығы және Байкен мешіті көрініс тапты. Жұмыстар былтыр көктемде жүргізіліп, қаланың тарихи, мәдени және табиғи кеңістіктерін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік болды.

Аталмыш тележоба бұған дейін жаңа қысқы маусымын Қазақстанға арнағанын, сондай-ақ қыс мезгіліндегі Астана қаласының келбеті туралы да бағдарлама түсіргені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

«Pekin Express» – Франциядағы туристік бағыт пен мәдени талғамға ықпал ететін ең ықпалды медиажобалардың бірі. Бағдарламаның әр шығарылымын миллиондаған көрермен тамашалайды, кейбір бөлімдері M6+ платформасы арқылы кең аудиторияға жетеді. Белгілі елде түсірілген маусым эфирге шыққан соң Франциядан келетін туристер саны дәстүрлі түрде кемінде 15 пайызға өседі. Бұл Алматы мен Қазақстанды әлемдік туристік картада танытуға тың серпін береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.