2026 жылы Алматының мәдени картасы екі бірегей нысанмен толығады. Бұл туралы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиев мәлімдеді, деп хабарлайды QazMonitor.
Оның айтуынша, Райымбек батыр мемориалдық кешені тарихи кесене заманауи музейлендірілген кеңістікке айналады. Батырдың ерлігі мен өмір жолы VR-турлар, 3D-модельдер және мультимедиялық технологиялар арқылы көрсетіледі. Экспозициялық залдар, жаңа стильдегі ескерткіш және жастарға патриоттық тәрбие беретін білім орталығы жұмыс істейді.
Сонымен қатар «Observatorium» ғылыми музейінің жұмысы туралы айтты. Ғарыш пен технологияны ұштастыратын жаңа нысанның аумағы 130 шаршы метрді құрайды. Мұнда жасанды интеллект, робот-экскурсовод және «Ғалам бойынша VR-саяхат» жобасы енгізіледі. Келушілер телескоп арқылы жұлдызды аспанды тікелей тамашалай алады.