Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Қызылордада жаңа драма театрдың құрылысы басталды
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 24 сәуір, 2026 | 14:48
1 минуттан кем мин. - оқу уақыты

Қызылордада жаңа драма театрдың құрылысы басталды

Президент саябағы аумағында бой көтеретін мәдени нысан өңірдің рухани дамуына серпін береді

Қызылорда облысының әкімдігі
Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылордада Президент саябағы аумағында жаңа драма театрдың іргетасы қаланып, капсуласын салу рәсімі өтті, деп хабарлайды QazMonitor.

Жоба аясында салынатын жаңа театр ұлттық өнерді дамытуға, сахна мәдениетін өркендетуге және жас буынның шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған. Театр өңірдің мәдени өмірінде маңызды орын алып, көрерменге сапалы қойылымдар ұсынуға мүмкіндік бермек.

Айта кету керек, Қызылорда – қазақ театр өнерінің қалыптасу тарихында ерекше орын алатын қала. Бір ғасыр бұрын ұлттық театрдың алғашқы қойылымдары осы өңірде сахналанған. Сондықтан жаңа театрдың дәл осы жерде салынуы тарихи сабақтастықты жалғастырып, рухани маңызы жоғары оқиға ретінде бағалануда.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.