Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Олжас Сүлейменовтің рухани мұрасы Алматыдағы көрмеде таныстырылды
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 19 мамыр, 2026 | 10:08
1 мин. - оқу уақыты

Олжас Сүлейменовтің рухани мұрасы Алматыдағы көрмеде таныстырылды

Экспозиция ақынның әдеби, ғылыми және қоғамдық қызметін қамтиды

Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты Алматы галереясында Қазақстанның Халық жазушысы, ақын, әдебиеттанушы, тілтанушы-зерттеуші, түрколог, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған «Адамға табын, жер енді» атты көрме салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының, «Қазақстан Республикасы Көркемөнер академиясы» қоғамдық қоры мен Болат Өтемұратов қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Көрме экспозициясына Олжас Сүлейменовтің құжаттық материалдары, фотосуреттері, картиналары, архивтік хроникалары және кітаптарының алғашқы басылымдары қойылған. Сонымен қатар көрермендерге суретшілердің ақын шығармашылығынан шабыт алып салған туындылары ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің мақсаты – Олжас Сүлейменовтің әдеби, ғылыми және рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оның шығармаларындағы тарихи сана мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өнер арқылы дәріптеу, сондай-ақ жастардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке қызығушылығын арттыру.

Көрме 29 мамырға дейін жалғасады. Кіру тегін. 

Сондай-ақ көрме 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей түні – 2026» акциясы аясында түнгі сағат 00:00-ге дейін келушілерге ашық болды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.