Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Астанада халықаралық клоундар фестивалі басталды
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 02 маусым, 2026 | 14:58
1 минуттан кем мин. - оқу уақыты

Астанада халықаралық клоундар фестивалі басталды

LRT пойызы сахнаға айналды

gov.kz
gov.kz

Астанада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қалалық көлік кеңістігі бүгін ерекше мерекелік сахнаға айналды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты.

III Халықаралық клоундар фестивалі аясында өнерпаздар «Нұрлы жол» станциясынан «Бәйтерекке» дейін LRT пойызымен сапарлап, жолаушыларға тосыннан көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қоғамдық көліктің әдеттегі маршруты бұл жолы күлкі мен өнер тоғысқан шағын спектакльге айналып, балалар мен қала тұрғындары үшін нағыз мерекелік әсер қалыптастырды.

Фестивальге өнер әлемінде кеңінен танылған Мұтырғановтар отбасы, Қазақстанның әр өңірінен келген өнерпаздар, сондай-ақ Дания, Италия, Франция, Аргентина және Ресей елдерінен келетін шығармашылық ұжымдар қатысады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.