Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Президент Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 23 қаңтар, 2026 | 10:42
1 мин. - оқу уақыты

Президент Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Рәсім Мемлекет басшысының Давос қаласына жасаған жұмыс сапары аясында өтті

Ақорда
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды, деп хабарлайды QazMonitor.

Ақорданың мәліметінше, қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.

АҚШ-тың бейбітшілік жоспары 2025 жылдың күзінде күшіне енді. Бірінші кезең аясында ХАМАС пен Израиль оқ атуды тоқтату, кепілге алынғандар мен тұтқындарды алмасу, сондай-ақ гуманитарлық көмек көлемін арттыру туралы келісімге келді. 14 қаңтарда АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф жоспардың екінші кезеңіне көшетінін жариялады, бұл кезең ХАМАС-ты қарусыздандыруды қарастырады.

Еске сала кетейік, Касым-Жомарт Токаев АҚШ президентінің шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давосқа жұмыс сапарымен барды.

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум 19 қаңтарда өз жұмысын бастады. Оның аясында 60-тан астам мемлекет және үкімет басшыларының қатысуы күтіліп отыр.

Президент Кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қазақстан мен АҚШ басшылары арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұны туралы айтты.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды. Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі», деп жазды ол.

Сонымен қатар Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқанын атап өтті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.