Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Еділбай тұқымы ең тиімді ет бағытындағы қойлар қатарына кірді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 26 қаңтар, 2026 | 14:21
1 мин. - оқу уақыты

Еділбай тұқымы ең тиімді ет бағытындағы қойлар қатарына кірді

Ғылыми зерттеу нәтижесінде еттің жұмсақ бөлігінің шығымы 81%-ға дейін жететіні анықталды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Зерттеу Жетісу облысы Алакөл ауданындағы «Алакөл-Агро» серіктестігі базасында 2020–2025 жылдары Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары және шаруашылық мамандарымен бірлесіп жүргізілген, деп хабарлайды QazMonitor.

Оның барысында әртүрлі тұқымдарға жататын қошқарлар асыл тұқымды және өндірістік саулықтарға жұптастырылып, бордақылау мен жайып семіртудің әртүрлі кезеңдерінде бақылау сойымдары жүргізілді. 

Нәтижесінде еттің жұмсақ бөлігінің жалпы шығымы тұқымдық ерекшелік, генотип және малдың қоңдылық деңгейіне байланысты 7-81% аралығында болғаны анықталды. Ең жоғары көрсеткіш –еділбай тұқымды қойларда тіркеліп, құйрық майын қоса есептегенде 81%-ға жетті. Оған ұқсас көрсеткіш қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларының аққарабас ішкі тұқымдық түрінде де 80%-ға дейін болды.

Ет және жүн-ет бағытындағы будан қойлар – оңтүстік қазақстандық меринос және қазақтың биязы жүнді қойы – еттің жұмсақ бөлігінің шығымын 75–77% деңгейінде қамтамасыз етті.

Зерттеу нәтижелері құйрық майының жеуге жарамды өнім көлемін арттырып, ұшаның қоректік құндылығын күшейтетінін көрсетті. Ғалымдар азықтандыру мен күтіп-бағудың оңтайлы жағдайында құйрықты қой тұқымдары өнімнің жиынтық шығымы бойынша шетелдік мамандандырылған ет бағытындағы кейбір тұқымдардың будандарынан да асып түсуі мүмкін екенін атап өтті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.