Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматылық студенттер Қытай мен Германияда тағылымдамадан өтіп жатыр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 29 қаңтар, 2026 | 11:23
1 мин. - оқу уақыты

Алматылық студенттер Қытай мен Германияда тағылымдамадан өтіп жатыр

Колледж студенттерінің 94%-ы оқуды бітірмей жатып жұмыс тапқан

Фото Алматы әкімдігі
Фото Алматы әкімдігі

Алматы колледждерінің әрбір екінші студенті партада емес, тікелей зауыт пен кәсіпорын цехтарында білім алуда. Бұл модель түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін рекордтық 94,3%-ға жеткізіп, маман тапшылығы мәселесін шешудің тиімді жолы екенін дәлелдеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Алматының Білім басқармасының стратегия және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ерік Әбішаевтің айтуынша, техникалық білім берудің жаңа сапаға көшкен. Қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыспен оқитындардың 43,7%-ы, яғни 22 мыңнан астам студент дуалды жүйеге көшірілген.

Қала бойынша 770 кәсіпорын 71 мамандық бойынша болашақ кадрларды даярлауға білек сыбана кіріскен. Нәтижесінде, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 17 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

Оның сөзінше, алматылық студенттер енді тек жергілікті нарықпен шектелмейді. Халықаралық ынтымақтастық аясында алты колледждің 110 студенті Қытайда тәжірибе жинақтаса, 16 студент Германияның ірі кәсіпорындарында ақылы өндірістік практикадан өту мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар мегаполис түлектері өз шеберлігін WorldSkills халықаралық стандарты бойынша демонстрациялық емтихандарда дәлелдейді. 2025 жылы бұл сынақтан өткен 3 620 түлектің 3 521-і Skills Passport құжатын алды. Бұл төлқұжат - маманның кәсіби деңгейінің әлемдік деңгейдегі кепілі.

Қазіргі уақытта қалада 18 құзырет орталығы жұмыс істейді, онда студенттер нақты өндірістік жағдайда шыңдалады. Үздіктерді ынталандыру мақсатында әкімдік WorldSkills жеңімпаздарына 9 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы тағайындады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.