Үкімет қаулысына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында көрсетілетін медициналық қызметтер мен дәрілік препараттар ҚҚС төлеуден босатылады, деп хабарлайды QazMonitor.
Салықтық жеңілдіктер 3 мыңнан астам дәрілік затты қамтиды. Оның ішінде 1200-ден астам препарат орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған. Бұл дәрілер өткізу арнасына қарамастан, айналыстың барлық кезеңінде, соның ішінде көтерме және бөлшек саудада ҚҚС-тан босатылады.
Сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу, диагностикалау, алдын алу және оңалту бойынша медициналық қызметтерге де ҚҚС салынбайды. Бұдан бөлек, ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі өндіруге пайдаланылатын импорттық фармацевтикалық субстанциялар да салықтан босатылады.