Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыда 31 магнит жұтқан сәбиге шұғыл ота жасалды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 ақпан, 2026 | 15:18
1 мин. - оқу уақыты

Алматыда 31 магнит жұтқан сәбиге шұғыл ота жасалды

Дәрігерлер ішектің тесілуі мен перитонит қаупіне қарамастан баланың өмірін сақтап қалды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында 31 магнит жұтып қойған 1 жас 9 айлық балаға шұғыл операция жасалды, деп хабарлайды QazMonitor.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, сәби қабылдау бөліміне өте ауыр жағдайда жеткізген. Тексеру барысында дәрігерлер «ішектегі бөгде заттар - 31 магнит, жіңішке ішектің көптік тесілуі, жайылған нәжістік перитонит» диагнозын қойған.

«Магниттердің арасында ішек қабырғасы қысылады, қан айналымы бұзылады, тіндер жансызданады, тесік пайда болады. Соның салдарынан санаулы сағаттардың ішінде перитонит дамуы мүмкін. Ата-аналар көбіне баланың жағдайы қаншалықты жылдам нашарлайтынын аңғармай қалады», деді Орталық хирургі Асқар Ризванов.

Дәрігерлер ортаңғы лапаротомия жасап, құрсақ қуысына толық тексеру жүргізген. Ота барысында магниттер алынып, жіңішке ішектегі көптеген тесіктер тігілді, құрсақ қуысы тазартылып, дренаж орнатылды. Сонымен қатар ішекке трансаналдық интубация жасалды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.