Бас көлік прокуратурасының бастамасымен әзірленген «Азаматтық авиация саласындағы әуе апаттарын тергеу әдістемесі: тәжірибе, проблемалар, шешімдер» құжаты құқық қолдану тәжірибесін біріздендіруге және жауапты органдардың іс-қимылдарын үйлестіруге бағытталған, деп хабарлайды QazMonitor. Бұл тергеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жиын барысында авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу жүйесін жаңғырту шаралары да айтылды. Биыл «Көлік оқиғалары мен инциденттерін тергеу орталығы» акционерлік қоғамы жұмысын бастайды. Жаңа құрылым Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сай тәуелсіз әрі тиімді тергеу тетігін қалыптастыруды көздейді.
Тәжірибе алмасу мақсатында 2025 жылы Сингапур және Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдарымен өзара түсіністік туралы келісімдерге қол қойылған. Сонымен қатар халықаралық стандарттарды ескере отырып, көлік оқиғаларын тергеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.