Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қорқыт Ата университетінің ғалымдары суды тазартудың инновациялық әдісін ұсынды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 ақпан, 2026 | 15:19
1 мин. - оқу уақыты

Қорқыт Ата университетінің ғалымдары суды тазартудың инновациялық әдісін ұсынды

Жоба лас суды тиімді сүзуге пайдалануды ұсынып отыр

gov.kz
gov.kz

Алматыда өткен ғылыми көрмеде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің зерттеушілері суды тазартудың жаңа технологиясын таныстырды. Ғалымдар күріш қауызын өңдеу арқылы белсендірілген көмір алып, оны лас суды тиімді сүзуге пайдалануды ұсынып отыр, деп хабарлайды QazMonitor.

Әзірлеушілердің мәліметінше, инновациялық әдіс арқылы тазартылған суды егін және мал шаруашылығында қолдануға болады. Жоба су ресурстарын үнемдеуге және аграрлық сектордың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, аталған жоба Алматыда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы аясында ұйымдастырылған ғылыми көрмеде таныстырылды. Көрмеге ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының 40-тан астам инновациялық жобасы қойылды.

Сонымен қатар көрмеде цифрлы технологиялар, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, нанотехнология, металлургия және тағам өнеркәсібі салаларындағы әзірлемелер ұсынылды. Ғалымдар жобалардың өндірістік маңызы мен коммерцияландыру әлеуетін таныстырды.

Мәселен, Satbayev университетінің ғалымдары өндірістік қалдықтар мен ЖЭС күлін пайдалана отырып құрылыс материалдарын шығаруды жолға қойған. Арнайы құрылған консорциум аясында цемент пен 19 түрлі құрғақ құрылыс қоспасы әзірленген. Өнімдер сертификатталып, нарыққа шығарылған.

Бұдан бөлек, көрмеде жерді қашықтықтан зондтау технологиясы негізінде әзірленген жаңа геологиялық карта таныстырылды. Жоба пайдалы қазбаларды барлау мен табиғи ресурстарды басқару тиімділігін арттыруға бағытталған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.