Алматының ботаникалық бағында галантустар гүлдеді. Наурызгүл немесе бәйшешек деп аталатын бұл өсімдіктің гүлдеуі көктемнің символы болып табылады, деп хабарлайды QazMonitor.
Ботаникалық бақтың мәліметінше, биылғы маусымдағы алғашқы гүлдер қаңтар айында шыққан, ал қазір ақпанның ортасында жаппай гүлдей бастады.
«Галантустардың өте нәзік екенін еске саламыз, сондықтан оларға абайлап күтім жасаңыз, көгалдар мен шабындықтарда жүрмеңіз, әсіресе оларды жұлмаңыздар», деп ескертті ботаникалық бақта.