Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыда жер сілкінді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 18 ақпан, 2026 | 11:17
2 мин. - оқу уақыты

Алматыда жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан

Руслан Пряников
Руслан Пряников

2026 жылғы 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:11-де ҚР ТЖМ қарасты Сейсмология институтының сейсмикалық станциялар желісі Қазақстан аумағында, Алматыдан шығысқа қарай 74 км жерде жерасты дүмпулерін тіркеді, деп хабарлайды QazMonitor.

ҚР ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат әзірге түскен жоқ. Қалада сиреналар қосылмады, телефондарға ресми хабарлама келген жоқ, алайда Android пайдаланушылары дүмпуге бірнеше секунд қалғанда Google жүйесінен ескерту алды.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, жер сілкінісінің есептілік қарқындылығы төмендегідей:

Алматы қ. 2 б.,75 км

Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Түрген ауылы 4 б.,35 км

Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Есік қ. 4 б.,39 км

Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Маловодное ауылы 3 б.,44 км

Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Шелек ауылы 3 б.,62 км

Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Көкпек ауылы 2 б.,77 км

Алматы обл. Ұйғыр ауд. Ж. Қайыпова ауылы 3 б.,45 км

Алматы обл. Кеген ауд. Саты ауылы 3 б.,48 км

Алматы обл. Кеген ауд. Жалағаш ауылы 3 б.,67 км

Алматы обл. Кеген ауд. Кеген ауылы 2 б.,113 км

Алматы обл. Талғар ауд. Талғар қ. 3 б.,52 км

Алматы обл. Іле ауд. Өтеген-Батыр ауылы 3 б.,73 км

Алматы обл. Іле ауд. Боралдай ауылы 2 б.,84 км

Алматы обл. Жамбыл ауд. Қарғалы ауылы 2 б.,115 км

Алматы обл. Жамбыл ауд. Ұзынағаш ауылы 2 б.,123 км

Алматы обл. Ұйғыр ауд. Қырғызсай ауылы 2 б.,136 км

Алматы обл. Ұйғыр ауд. Чунджа ауылы 2 б.,140 км

Алматы обл. Алатау (Жетіген) қ. 2 б.,84 км

Алматы обл. Қарасай ауд. Қаскелең қ. 2 б.,99 км

Алматы обл. Қонаев қ. 2 б.,103 км

Жетісу обл. Кербұлақ ауд. Сарыөзек ауылы 2 б.,136 км.

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары

• Сабырлық сақтау;

• Лифт пен баспалдақты пайдаланбау;

• Жиһаздардан, терезелер мен люстралардан алшақ тұру;

• Мықты таса табу, жоғарғы қабаттарда – күрделі қабырғалардың жанына тұру;

• Суды, газды және электр жарығын өшіру;

• Өзіңізбен бірге «дабыл чемоданын» ұстау;

• Дүмпулер аяқталғаннан кейін ғимараттан шығу;

• Көшеде электр желілерінен, ғимараттар мен ағаштардан алшақ болу;

• Қайталанатын дүмпулерге дайын болу;

• Қарттар мен жүріп-тұруы қиын жандарға көмектесу.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.