Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында ғылыми салада көш бастап тұр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 18 ақпан, 2026 | 16:06
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында ғылыми салада көш бастап тұр

Елдің SCImago жаһандық рейтингіндегі көрсеткіштері мен ғылыми белсенділігі артты

gov.kz
gov.kz

Қазақстан халықаралық ғылыми аренада өз позициясын нығайтып, SCImago Research Group (SCImago Country Rank) рейтингінің қорытындысы бойынша Орталық Азия өңірінде айқын көшбасшы атанды, деп хабарлайды QazMonitor.

Қазақстан 1996 жылдан 2024 жылға дейінгі деректерді қамтитын жаһандық тізімде 69-орынға тұрақтаса, тек 2024 жылдың қорытындысы бойынша 64-орынға көтеріліп, ғылыми әлеуеттің тұрақты өсімін көрсетті. Елдің ғылым саласындағы жетістігі көршілес елдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Рейтингтегі алшақтық отандық ғылымның сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге шыққанын дәлелдейді. Атап айтқанда Өзбекстан – 83-орында, Қырғызстан – 130-орында, Тәжікстан – 147-орында, Түрікменстан – 191-орында тұр.

Бұл көрсеткіштер зерттеу инфрақұрылымы, ғылымды қаржыландыру және халықаралық жарияланымдар сапасы бойынша Қазақстанның өңірлік хабқа айналғанын айқын көрсетеді.

Мұндай жоғары нәтижелерге қол жеткізуге «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа Заң мен жүйелі реформалар тікелей әсер етті. Оның ішінде зерттеушілерге арналған гранттар мен стипендиялар көлемінің артты. Инфрақұрылымның жаңаруы мен Horizon Europe сияқты жаһандық бағдарламаларға қатысу және Scopus базасындағы жарияланымдар санының артуы әсер етті. Сол сияқты ғылыми жобаларды коммерцияландыру және жеке сектордың зерттеулерге инвестиция салуын ынталандыру ықпал етті.

Айта кетейік, SCImago рейтингі – Elsevier компаниясының Scopus дерекқорына негізделген ең беделді библиометриялық құрал. Ол тек мақала санын ғана емес, сонымен қатар ғылыми еңбектердің дәйексөз алу деңгейін, халықаралық ынтымақтастық дәрежесін, сондай-ақ инновациялық және технологиялық дамуға қосқан үлесін бағалайды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.