Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада алдағы төрт жылда 11 жаңа медициналық нысан салынады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 23 ақпан, 2026 | 15:03
1 мин. - оқу уақыты

Астанада алдағы төрт жылда 11 жаңа медициналық нысан салынады

Перинаталдық орталықтар, көпсалалы аурухана және жаңа емханалар бой көтермек

Freepik
Freepik

Елордада алдағы төрт жыл ішінде 11 медициналық нысанның құрылысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды QazMonitor. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылдың қорытындысы бойынша алқа отырысында мәлім болды.

Бүгінде астанадағы медициналық ұйымдар айтарлықтай жүктемемен жұмыс істеуде. Қала халқының саны жыл сайын орта есеппен 100 мың адамға өсіп отырғандықтан, қолданыстағы денсаулық сақтау инфрақұрылымы шамадан тыс салмақ қабылдап отыр.

Үкімет бекіткен Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға қарай елорда халқының саны 2,3 миллион адамға жетеді деп болжанып отыр. Бұл толыққанды медициналық көмекке деген сұранысты арттыра түсуде.

Қандай нысандар салынады?

Жоспарға сәйкес, алдағы жылдары:

салынбақ.

Сондай-ақ биыл мамыр айында №2 Қалалық көпсалалы аурухана жанынан қабылдау-диагностикалық кешеннің құрылысы аяқталады. Бұл тек екі корпусты біріктіру емес, ірі флагмандық медициналық орталық құру жобасы болмақ.

Кешен құрамында:

Айта кетейік, өткен жылы жағдайды жақсарту мақсатында «Нұрлы жол» ауданында ауысымына 350 адам қабылдайтын жеке емхана ашылған болатын. Ал биыл Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы базасында Нұра және Есіл аудандарының балаларына арналған травматологиялық пункт іске қосылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.