Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Түркістанда полиэтилен қаптама мен скотч өндіретін зауыт ашылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 24 ақпан, 2026 | 09:59
1 мин. - оқу уақыты

Түркістанда полиэтилен қаптама мен скотч өндіретін зауыт ашылды

Өнім ішкі нарықпен қатар ТМД елдеріне экспортталады

gov.kz
gov.kz

Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймағында полиэтилен қаптама өнімдері мен скотч шығаратын ірі зауыт жұмысын бастады. QazEcoPack компаниясы жүзеге асырған бұл жоба өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған, деп хабарлайды QazMonitor.

Компания директоры Думан Халметтің айтуынша, бірінші кезеңде скотч шығаратын желі іске қосылып, кәсіпорын жылына 1,5 млн дана өнім өндірмек. Өнім ішкі нарықпен қатар ТМД елдеріне экспортталады.

2026 жылдың желтоқсанында екінші кезең іске қосылып, жылына 350 мың келі стрейч-пленка және 80 мың дана ауа-көпіршікті пленка шығару жоспарланған. Ал 2027 жылы үшінші кезең аясында 500 мың келі полиэтилен өнімін өндіру көзделіп отыр.

Компания бастапқы және қайта өңделген шикізатты пайдалана отырып, импортты алмастыруға және қайта өңдеу үлесін арттыруға басымдық бермек. Кәсіпорын отандық нарықты сапалы қаптама өнімдерімен қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Жобаның жалпы құны – 1,21 млрд теңге. Қазіргі уақытта 1 440 шаршы метр аумақтағы өндірістік ғимарат пайдалануға берілді. Алдағы кезеңдерде қосымша 5 760 шаршы метр аумақта тағы төрт нысан салу жоспарланған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.