Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Парсы шығанағындағы қазақстандық туристерге қандай көмек көрсетіліп жатыр?
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 03 наурыз, 2026 | 12:14
2 мин. - оқу уақыты

Парсы шығанағындағы қазақстандық туристерге қандай көмек көрсетіліп жатыр?

Шығыстағы жағдайға байланысты рейстер тоқтатылды, мыңдаған қазақстандық турист елге орала алмай отыр

AirTeo | Air Travel/ pexels
AirTeo | Air Travel/ pexels

Парсы шығанағында қалып қойған қазақстандықтар қонақ үйлерге орналастырылып, оларға тамақ берілді, деп хабарлайды QazMonitor.

Таяу Шығыстағы қауіпсіздік жағдайының күрт шиеленісуіне байланысты бірқатар әуе компаниясының рейстері уақытша тоқтатылды. Соның салдарынан Қазақстан азаматтары Парсы шығанағы елдерінде қалып, әуе кеңістігінің ашылуын күтуге мәжбүр болып отыр.

«Туристік Қамқор» қорының мәліметінше, қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктері аумағында 2 540 қазақстандық турист бар. Ал Катар елінде 1 061 отандас рейстердің қайта жандануын күтіп отыр.

Туристік операторлардың хабарлауынша, туркодпен барған қазақстандықтар қонақүйлерге орналастырылып, оларға тамақтану ұйымдастырылған. Туристердің қауіпсіздігі мен жағдайы тұрақты бақылауда.

Рейстердің тоқтатылуы Парсы шығанағы аймағындағы әуе кеңістігіне енгізілген уақытша шектеулермен байланысты. Қазіргі уақытта әуе қатынасын қалпына келтіру мерзімі нақты белгіленген жоқ.

Бұған дейін Көлік министрлігі туристерді елге қайтару мәселесін әуе қозғалысы қайта ашылғаннан кейін кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Таяу Шығыстағы қазақстандықтар қайда хабарласа алады?

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жедел байланыс және «жедел желі» нөмірлерін хабарлады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі:

+7 (7172) 72 05 00 (Консулдық қызмет департаменті);

+7 (7172) 72 01 11 (кезекші дипломат);

Қазақстанның Ирандағы Елшілігі (Тегеран қ.):

+98 21 2256 5933 (Елшіліктің кезекші нөмірі);

+98 936 208 4672 (ұялы телефон, WhatsApp);

Қазақстанның Горган қ. Бас консулдығы:

+98 912 298 0350 (ұялы телефон);

+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);

+7 701 771 34 01 (WhatsApp);

Қазақстанның Бендер-Аббас қ. Консулдығы:

+98 930 298 57 03 (ұялы телефон, WhatsApp);

Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі:

+962 777 688 885;

Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі:

+971 50 508 5226;

+971 2 449 8778;

Қазақстанның Дубай қ. Бас консулдығы:

+971 50 570 1978;

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігі:

+966 55 663 0177;

Қазақстанның Джидда қ. Бас консулдығы:

+966 50 547 3698;

Қазақстанның Қатардағы Елшілігі:

+974 50 649 955;

+974 51 000 733;

Қазақстанның Кувейттегі Елшілігі:

+965 6704 2545;

Қазақстанның Ливандағы Елшілігі:

+961 4 713 467;

+961 4 713 447;

Қазақстанның Бахрейндегі Бас консулдығы:

+973 3348 0890;

Қазақстанның Израильдегі Елшілігі:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші);

+972 54 878 4608 (ұялы телефон, WhatsApp);

+972 53 272 1815 (ұялы телефон, WhatsApp);

+7 701 731 4177 (WhatsApp).

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.