Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Стоматологиялық клиника бюджеттен көрсетпеген қызмет үшін 66 млн теңге алған
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 05 наурыз, 2026 | 13:04
1 мин. - оқу уақыты

Стоматологиялық клиника бюджеттен көрсетпеген қызмет үшін 66 млн теңге алған

Damumed жүйесіне ортодонтиялық қызметтер көрсетілгені туралы жалған мәліметтер енгізілген

 Cedric Fauntleroy / pexels
Cedric Fauntleroy / pexels

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында стоматологиялық қызмет көрсету кезінде жасалған алаяқтық дерегі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды QazMonitor.

Тергеу ақпаратына сәйкес, стоматологиялық клиникаларының директоры Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жалпы сомасы 450 млн теңгеден асатын медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасаған. Соған сәйкес клиникалар МӘМС шеңберінде азаматтарға шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсетуге міндеттенген.

Алайда күдікті медициналық ақпараттық «Damumed» жүйесіне ортодонтиялық қызметтер көрсетілгені туралы жалған мәліметтер енгізуді ұйымдастырған. ҚМА мәліметі бойынша, аталған қызметтер көрсетілмеген. Сондай-ақ күдікті дәрігерлердің есептік жазбаларын, сондай-ақ клиникаларға бұрын жүгінген кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланғаны анықталған.

Нәтижесінде тергеу ортодонтиялық көмек көрсетудің 4 597 расталмаған жағдайы анықтады. Келтірілген залал сомасы 66 млн теңгені құрады.

Сот санкциясымен банктік шоттардағы 23 млн теңге көлеміндегі қаражатқа, сондай-ақ құны 29 млн теңге тұратын стоматологиялық жабдықтарға тыйым салынды. Күдікті 11 млн теңге көлемінде залалды өтеген. Оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.