Эвакуация басталғалы бері Таяу Шығыс елдерінен 8585 қазақстандық елге қайтарылды, деп хабарлайды QazMonitor СІМ-ге сілтеме жасап,
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Ведомство Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, қазақстандықтармен тұрақты байланыста екенін еске салды.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтарға Таяу Шығысқа сапардан бас тартуды ұсынылған болатын. Туристік Қамқор қоры мәліметінше, 28 ақпаннан бастап Таяу Шығыс елдеріне ұйымдастырылатын турларға туркод беру уақытша тоқтатылған. Атап айтқанда шектеу Иран, Израиль, БАӘ, Сауд Арабиясы, Қатар, Бахрейн, Кувейт, Иордания және Оман бағыттарына қатысты.