Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан мектептерінде «Адал азамат» бағдарламасының дизайн-коды енгізіліп жатыр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 27 наурыз, 2026 | 12:08
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстан мектептерінде «Адал азамат» бағдарламасының дизайн-коды енгізіліп жатыр

Алғашқы кезеңде брендбук 530 мектепте қолданысқа енгізіліп, 267 білім орнында безендіру жұмыстары аяқталды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі
ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан мектептерінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірыңғай дизайн-код енгізілуде, деп хабарлайды QazMonitor.

Бағдарламаны көрнекі сүйемелдеу мақсатында заманауи брендбук әзірленді. Құжатта бағдарламаның негізгі құндылықтары мен идеясын айқындайтын шығармашылық стильдер, түстер палитрасы, макеттер және мектеп кеңістігін заманауи форматта безендіруге арналған элементтер қамтылған.

Бағдарлама мазмұнына сәйкес білім беру ұйымдары үшін бірыңғай дизайн-код қалыптастырылып, мектептердің ішкі кеңістігін брендбук талаптарына сай кезең-кезеңімен безендіру жұмыстары жүргізілуде. Дизайн-кодта бағдарламаның алты негізгі құндылығын айшықтайтын безендіру үлгілері қарастырылған.

Заманауи брендбук аясында пән кабинеттері оқушылардың жас ерекшеліктеріне және пән бағытына сәйкес рәсімделуі тиіс.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, бастапқы кезеңде брендбук 530 білім беру ұйымында енгізіледі. Қазіргі уақытта 267 мектепте көрнекі элементтерді орналастыру жұмыстары аяқталған.

Алдағы уақытта дизайн-код реновация бағдарламасы аясында жөндеу жүргізілетін мектептерде енгізіліп, кейін кезең-кезеңімен еліміздің барлық білім беру ұйымдарына таратылады.

Айта кетейік, брендбук динамикалық құжат болып саналады және білім беру ұйымдарының ерекшеліктеріне қарай үнемі толықтырылып, жетілдіріліп отырады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.