Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыда электрсамокаттар мен курьерлік қызметті реттеу мәселесі қаралды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 02 сәуір, 2026 | 12:12
1 мин. - оқу уақыты

Алматыда электрсамокаттар мен курьерлік қызметті реттеу мәселесі қаралды

Қауіпсіз инфрақұрылым қалыптастыру және пайдалану ережелерін сақтау қарастырылуда

Biekir Litovchenko/Pexels
Biekir Litovchenko/Pexels

Алматы қаласы полиция департаменті электрсамокаттар мен курьерлік жеткізу қызметінің жандана бастауына байланысты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды QazMonitor.

Осыған орай полицияда кикшеринг компаниялары мен жеткізу қызметтері өкілдерінің қатысуымен кезекті жұмыс кездесуі өтті. Жиын барысында қауіпсіз инфрақұрылым қалыптастыру, көлік құралдарын дұрыс орналастыру және пайдалану қағидаларын сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Сарғұловтың айтуынша, ретсіз қалдырылған самокаттар тәркіленетін болады. Оның сөзінше, бұл бизнеске қысым көрсету емес, ең алдымен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара.

Сондай-ақ қауіпсіздікті кешенді түрде қамтамасыз ету мақсатында кикшеринг компаниялары, жеткізу қызметтері, әкімдік, прокуратура, депутаттық корпус және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып жатыр.

Жұмыс тобы аясында социологиялық зерттеулер жүргізу, қазіргі ахуалды жан-жақты талдау, сондай-ақ электрсамокаттар, электровелосипедтер, мопедтер мен курьерлік қызмет саласына арналған кешенді қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеу жоспарланған.

Негізгі мақсат — қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және микромобильдік құралдар мен жеткізу қызметі қатысушыларының қызметін заң мен тәртіп талаптарына сәйкес реттеу.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.