Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда бұралқы иттерге эвтаназия рұқсат етілуі мүмкін
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 10 сәуір, 2026 | 11:15
2 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда бұралқы иттерге эвтаназия рұқсат етілуі мүмкін

Мәжілісте иттерді аулау, чиптеу және жауапкершілікті күшейтуге бағытталған түзетулер таныстырылды

freepik
freepik

Бүгін Мәжілісте депутат Еділ Жанбыршин «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілетін өзгерістерді таныстырды. Ұсынылған түзетулер бұралқы жануарлар санын реттеу, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру және жануар иелерінің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды QazMonitor.

Заң жобасындағы негізгі өзгерістердің бірі – бұралқы иттерге қатысты тәсілді қайта қарау. Енді оларды бұрынғыдай ұстап, стерилизация жасап, қайтадан ортаға жіберу тәжірибесінен бас тарту ұсынылады.

Оның айтуынша, мұндай тәсіл қоғамдық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. Сондықтан заң жобасында шынайы әрі жауапты модельге көшу ұсынылып отыр.

Жаңа нормаларға сәйкес, ауланған жануарларды уақытша ұстау мерзімдері енгізіледі. Бұған дейін 15 күн ұсынылса, талқылау нәтижесінде ең төменгі мерзім 5 күн болып белгіленген.

Сонымен қатар мәслихаттарға бұл мерзімді ұлғайту құқығы беріледі. Ал иесі болуы мүмкін жануарлар үшін 60 күндік сақтау мерзімі қарастырылған.

Депутат заң жобасына қатысты қоғамда түрлі пікірлер туындап жатқанын атап өтті.

Иттерге қатысты талап қатайғанымен, мысықтар үшін бұрынғы гуманистік тәсіл сақталады.

ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиевтің сөзінше, ауланған бұралқы иттер панажайда 5 күн бойы ұсталады.

Сондай-ақ ол иесі бар, бірақ қараусыз қалған иттер ауланған жағдайда панажайда 60 күн ұсталатынын және қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны ұстауға кеткен шығындар жануардың иесіне жүктелетінін атап өтті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.