Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Биыл Алматыда 12 мыңға жуық шам орнатылады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 13 сәуір, 2026 | 12:02
1 мин. - оқу уақыты

Биыл Алматыда 12 мыңға жуық шам орнатылады

Мегаполисте ондаған мың шамды жаңғырту жоспарланып отыр

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Биыл Алматыда 12 мыңға жуық жаңа шам орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды QazMonitor Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр мегаполисте бұрын жарықтандырылмаған 1189 учаске жарықпен қамтылып, 12 мыңнан астам шам орнатылған. Сонымен қатар, 15,5 мыңнан астам ескі жарық нүктесі жаңартылып, 80-нен астам көшеде жарықтандыру желілері жаңғыртылды. Қаладағы 420 нысан сәулеттік жарықтандырумен қосымша қамтылды.

Биыл қалада 12 мыңға жуық жаңа шам орнату, 2 мың жарық бағанасын қою және 126 шақырым жарықтандыру желісін тарту көзделген. Бұдан бөлек, шамамен 30 мың шамды жөндеу және жарықты басқару жүйелерін жаңғырту жоспарланып отыр.

Ғимараттарды сәулеттік жарықтандыруға да ерекше назар аударылады. Қалада 440-тан астам нысанды жарықтандыру жобалары жүзеге асырылып, жұмыстарды 2026 жылы аяқтау көзделіп отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.