Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Шымкентте автономды экологиялық зертхана іске қосылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 21 сәуір, 2026 | 16:43
1 мин. - оқу уақыты

Шымкентте автономды экологиялық зертхана іске қосылды

EcoLab жобасы ауа сапасын жақсартып, қалалық ортаны сауықтыруға бағытталған

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Шымкентте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында қалалық ортаға арналған автономды экологиялық зертхана іске қосылды, деп деп хабарлайды QazMonitor.

«EcoLab» зертханасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатқан ғылыми жоба аясында ашылды. Жоба қалалық ортаны сауықтыруға арналған экоконструкциялық модульдердің инновациялық технологиясын әзірлеуді көздейді.

Жоба жетекшісі, «Экология» кафедрасының меңгерушісі Айсұлу Абдуованың айтуынша, зертхана ұлттық киіз үй пішінінде экологиялық таза материалдардан жасалған және гидропоника жүйесімен, фитофильтрлермен, күн панельдерімен, метеостанция және түрлі датчиктермен жабдықталған. Мұнда ауыр металдардың мөлшерін анықтау және қоршаған ортаны залалсыздандыру бағытында зерттеулер жүргізіліп жатыр.

Жоба аясында ғалымдармен қатар докторанттар, магистранттар мен студенттер де ғылыми жұмыстарға тартылған. Соның ішінде су ресурстарын тиімді пайдалану және өсімдіктерді ғылыми негізде көбейту бағытында зерттеулер жүргізілуде.

Мамандардың болжамынша, жоба нәтижесінде қала ауасындағы PM2.5 бөлшектерінің мөлшерін 20-30%-ға дейін азайтуға, сондай-ақ микроклиматты жақсартып, ауа температурасын 1–2°C-қа төмендетуге мүмкіндік бар.

Жоба экологиялық құрылғыларды, заманауи технологияларды және цифрлық мониторинг жүйесін біріктіреді. Әзірлеушілер бұл бастаманы Қазақстанның өзге қалаларында да қолдануға болатынын айтады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.