Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Теміртауда жылыту жүйесінің ең күрделі учаскелері қайта жаңартылып жатыр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 19 мамыр, 2026 | 13:48
1 мин. - оқу уақыты

Теміртауда жылыту жүйесінің ең күрделі учаскелері қайта жаңартылып жатыр

Қалада биыл 50 шақырымға жуық жылу желісін жөндеу жоспарланған

Қарағанды облысының әкімдігі
Қарағанды облысының әкімдігі

Теміртау қаласындағы КарГРЭС кәсіпорнының №9 қазандығы толық жөндеуден өткен, ал қазір №11 қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Одан кейін №10 қазандыққа күрделі жөндеу басталады, деп хабарлайды QazMonitor облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтемпп жасап. 

Бұған дейін Ескі қаланы жылумен қамтамасыз ететін КарГРЭС-1 жұмысына апаттар, жабдықтардың жоғары деңгейде тозуы және температуралық режимнің бұзылуына байланысты сын айтылған болатын.

Жұмыстар ұлттық жоба аясында жүргізілуде. Қазір мердігер ұйым демонтаж жұмыстарын бастап кеткен, ал реконструкцияны бір жарым-екі ай ішінде аяқтау көзделген.

Теміртауда жылыту маусымына дайындық жоспарлы режимде жалғасып жатыр. «Оқжетпес-Т» жылумен жабдықтау ұйымымен бірлесіп, 2026–2028 жылдарға арналған жылу желілерін жөндеу бағдарламасы әзірленген. Бағдарлама үш кезең бойынша қаланың 200 шақырымнан астам жылу желісін жаңартуды көздейді.

Қазір бірінші кезең нысандарын жобалау жалғасуда. Оны шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Биыл қалада 50 шақырымға жуық жылу желісін, соның ішінде 6 және 8-шағын аудандардың ішкі кварталдық желілерін жөндеу көзделген.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.