Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Оралда жасанды интеллект негізіндегі телемедицина орталығы ашылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 26 мамыр, 2026 | 11:06
1 мин. - оқу уақыты

Оралда жасанды интеллект негізіндегі телемедицина орталығы ашылды

Қазақстан – Корея симпозиумы аясында жаңа медициналық жоба іске қосылды

Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Орал қаласында өткен «Жасанды интеллект негізіндегі зияткерлік телемедицина» атты Қазақстан–Корея халықаралық симпозиумы барысында облыстық көпбейінді ауруханада жаңа телемедицина орталығы пайдалануға берілді, деп хабарлайды QazMonitor.

Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Корея Республикасының Католиктік Квандонг университеті жанындағы «Әулие Мария» халықаралық клиникасының президенті Ко Донг Хён бастаған делегация қатысты.

Қазіргі таңда облыс бойынша 38 емдеу мекемесі телемедицина жүйесіне қосылған. Жыл басынан бері 383 пациент осы заманауи тәсіл арқылы медициналық кеңес алған. Жоба әсіресе шалғай ауыл тұрғындары үшін қолжетімді медициналық көмекті кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр.

Бүгін ашылған орталық заманауи компьютерлермен, жоғары жылдамдықты интернетпен және сапалы бейнебайланыс жүйелерімен толық жабдықталған. Бұл жергілікті дәрігерлерге шетелдік мамандармен жедел байланысып, науқастарды қашықтан қабылдау және кеңес беру мүмкіндігін береді.

Аталған жоба — облыс әкімінің өткен жылдың қараша айында Оңтүстік Кореяға жасаған жұмыс сапарының нақты нәтижесі. Сол кездегі келіссөздер қорытындысы бойынша БҚО мен Корея Республикасы арасында денсаулық сақтау саласын қоса алғанда бірқатар бағытта әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылған болатын.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.