Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. SARYARQA RUN: Астанада мыңнан астам адам қатысатын жүгіру жарысы өтеді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 02 шілде, 2026 | 17:35
1 мин. - оқу уақыты

SARYARQA RUN: Астанада мыңнан астам адам қатысатын жүгіру жарысы өтеді

Қатысушылар 4 және 7,6 шақырым қашықтықты еңсереді

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елорда күніне және «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында 5 шілдеде Астанада SARYARQA RUN жаппай жүгіру жарысы өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып QazMonitor хабарлайды.

Іс-шараның мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, халықтың дене белсенділігін арттыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

Жүгіру жарысы «Ырыскелді қажы» мешітінің аумағында (Ермек Серкебаев көшесі, 2) ұйымдастырылады. Старт 5 шілде күні сағат 08:00-де беріледі.

Қатысушылар 7,6 шақырым және 4 шақырым қашықтық бойынша бақ сынайды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бағыт «Ырыскелді қажы» мешітінен басталып, Кенесары хан ескерткішіне дейін жалғасады. Сол жерден қатысушылар кері бұрылып, бастапқы нүктеге қайта оралады.

Жарыс кезінде автокөлік қозғалысына шектеу қойылмайды.

Жарысқа қатысу тегін. Ол үшін алдын ала онлайн тіркеуден өту қажет. Тіркеу 2 шілде күні сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында ашылады.

Қатысушылар саны 1800 адаммен шектелген. Белгіленген лимитке жеткеннен кейін тіркеу автоматты түрде жабылады.

Тіркелген қатысушыларға арнайы білезіктер жарыс өтетін күні, 5 шілдеде сағат 06:00-07:30 аралығында беріледі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.