Қазақстанда жолаушылар пойыздарын интернетпен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып жатыр. Қазір бес бағытта қатынайтын пойыздарда спутниктік байланыс арқылы интернет қолжетімді болды.
Көлік министрлігінің мәліметінше, интернетпен қамтылған бағыттар:
Қызылорда – Павлодар;
Жезқазған – Астана;
Астана – Семей;
Алматы – Достық;
Қызылорда – Көкшетау.
Ведомствоның түсіндіруінше, спутниктік байланыс ұялы байланыс операторларының қамту аймағынан тыс учаскелерде де тұрақты интернетке қосылуға мүмкіндік береді. Соның арқасында жолаушылар жол бойы мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді, жұмыс сервистерін және басқа да онлайн-платформаларды пайдалана алады.
Интернетке қосылу үшін пойыздағы Wi-Fi желісін таңдап, авторизациядан өту қажет. Осыдан кейін WhatsApp пен Telegram арқылы мәтіндік хабарлама алмасуға тегін қол жеткізуге немесе әлеуметтік желілерді, бейнесервистерді және басқа интернет ресурстарын толық пайдалануға мүмкіндік беретін ақылы тарифті қосуға болады.