Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада жүлде қоры $ 4,65 млн құрайтын «Болашақ ойындары 2026» басталады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 30 шілде, 2026 | 19:02
2 мин. - оқу уақыты

Астанада жүлде қоры $ 4,65 млн құрайтын «Болашақ ойындары 2026» басталады

Турнирге сегіз дисциплина бойынша жетекші халықаралық клубтар мен командалар қатысады

Yan Krukau / pexels
Yan Krukau / pexels

29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада алғаш рет киберспорт, дәстүрлі спорт түрлері мен заманауи технологияларды біріктіретін халықаралық турнир өтеді. Елорданың төрт ірі спорт нысандарында сегіз дисциплина бойынша жарыстар өтіп, жалпы жүлде қоры 4,65 миллион АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды QazMonitor Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаевтың сөзінше, бұл жарыс еліміздегі фиджитал спорт пен киберспорттың дамуына жаңа серпін береді.

«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) Powered by Samruk-Kazyna жарысының негізгі ерекшелігі - клубтық формата өтеді. Дәстүрлі халықаралық турнирлерден айырмашылығы, ұлттық құрамалардың қатысуы қарастырылмаған. Әр түрлі ұлттардың спортшылары бір клубтың құрамында өнер көрсете алады. Фиджитал дисциплиналарда командалар алдымен виртуалды аренада кездеседі, содан кейін футбол алаңында, баскетбол паркетінде немесе шаршыалаңда жарысты жалғастырады.

Phygital International-дің бас директоры Дэн Меркли атап өткендей, бұл формат қазіргі спортта болып жатқан өзгерістерді көрсетеді.

Бүгінде фиджитал спорт әлемнің 115-тен астам елінде дамып, спортшыларды, клубтарды, мемлекеттік құрылымдарды, технологиялық серіктестер мен спорт ұйымдарын біріктіріп отыр.

Айта кетейік, барлық жарыс алаңдарында ұйымдастыру жұмыстарына 800 ерікті жұмылдырылды. Еріктілер бағдарламасына қатысу үшін 1400-ден астам өтінім келіп түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша 900-ден 1000-ға дейін үміткерден тұратын пул жасақталып, оның 800-і негізгі құрамға енді. Қалған үміткерлер резервке енгізілді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.