Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жұмыстан штаты қысқартылғанда не істеу керек?
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 03 қыркүйек, 2026 | 18:11
2 мин. - оқу уақыты

Жұмыстан штаты қысқартылғанда не істеу керек?

Астанада қызметкерлерді штат бойынша қысқарту тәртібі түсіндірілді

Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Биыл Астанада 149 ұйымның 547 қызметкерімен еңбек шарты штат санының немесе штатының қысқартылуына байланысты бұзылған. деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасары Мұрат Шәкеновтің айтуынша, штат санының немесе штатының қысқартылуы – жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға негіз болатын жағдайлардың бірі. Алайда жұмыс берушінің штатты қысқарту жөніндегі ұйымдастырушылық шараларды жүргізуі қызметкердің еңбек құқықтарының автоматты түрде тоқтатылуын білдірмейді.

Қазақстан Республикасының заңнамасында қызметкерді жұмыстан босатудың нақты тәртібі мен оның құқықтарын қорғауға бағытталған кепілдіктер қарастырылған. ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарты қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда бұзылуы мүмкін.

Зейнет жасына жетуіне екі жылдан аз уақыт қалған қызметкерлерге ерекше назар аудару қажет. Оларды қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылуына байланысты жұмыстан босатуға жол берілмейді. Еңбек кодексінің 131-бабына сәйкес, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылуына байланысты еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс беруші қызметкерге бір айдағы орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлеуге міндетті. Еңбек немесе ұжымдық шартта төлемнің бұдан да жоғары мөлшері көзделуі мүмкін», – деді спикер.

Еңбек кодексінің 113-бабы 4-тармағына сәйкес, қызметкерге тиесілі барлық төлем еңбек шарты тоқтатылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс.

Қызметкерлерді қысқарту кезінде жұмыс беруші бірқатар талаптың сақталуын қамтамасыз етуі қажет. Атап айтқанда, қысқартуға нақты ұйымдастырушылық негіз болуы, қызметкерге тиісті тәртіппен алдын ала хабарлануы және жекелеген санаттағы қызметкерлерге қатысты заңда белгіленген кепілдіктердің сақталуы керек.

Еңбек шартын бұзу жұмыс берушінің тиісті актісімен рәсімделеді. Бұл құжаттың көшірмесі қызметкерге берілуі тиіс. Сонымен қатар жұмыс беруші қызметкерге оның еңбек қызметін растайтын құжатты ұсынуға міндетті.

Егер жұмыс беруші қызметкерге тиесілі төлемдерді төлемесе немесе жұмыстан босату тәртібін бұзса, қызметкер мемлекеттік еңбек инспекциясына, келісу комиссиясына немесе сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте еңбек қатынастарын растайтын құжаттардың болғаны жөн.

«Биыл Астанада 149 ұйымның 547 қызметкерімен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасымен қызметкерлер саны немесе штатының қысқартылуына байланысты бұзылды. Яғни барлығы 1330 қызметкерге алдағы қысқарту туралы хабарлама жіберілді. Олардың 65-і басқа ұйымдарға жұмысқа орналастырылды, 144 қызметкер жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алып отыр», – деп қорытындылады спикер.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.