Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда бала тууына байланысты қанша жәрдемақы берілді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 21 қараша, 2025 | 09:43
2 мин. - оқу уақыты

Қазақстанда бала тууына байланысты қанша жәрдемақы берілді

Жәрдемақы бала туу және 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтіміне беріледі

Руслан Пряников
Руслан Пряников

 Биыл 508 мың қазақстандық бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақы алды. Аталған жәрдемақыныға республикалық бюджеттен 692 млрд теңге бөлінді.

Еңбек министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл бала туғанда берілетін жәрдемақыны 51,7 млрд теңге сомаға 286 мың адам алған. Бұл жәрдемақыны бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер ала алады.

Аталған кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 36,4 млрд теңге сомасына орта есеппен 124,7 мың адам қамтылды, оның ішінде қазан айында 3,7 млрд теңге сомасына 126,8 мың адам алды.

Айта кетейік, бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге, ал төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге деп белгіленген.

Сонымен қатар бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын бірінші балаға 5,76 АЕК (22 648 теңге); екінші балаға 6,81 АЕК (26 777 теңге); үшінші балаға 7,85 АЕК (30 866 теңге) төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК (34 995 теңге) беріледі.

Аталған біржолғы төлемді жыл басынан бері жалпы сомасы 245,3 млрд теңгеге 175,1 мың адам алды.

Сондай-ақ МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. 2025 жылдың басынан бері бұл төлем 358,6 млрд теңгеге 208,2 мың адамға тағайындалды. 10 айдағы төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері – 86 493 теңге.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.