Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Түркістан облысында жүгеріні терең өңдейтін өндірістік кешен ашылады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 06 желтоқсан, 2025 | 09:50
1 мин. - оқу уақыты

Түркістан облысында жүгеріні терең өңдейтін өндірістік кешен ашылады

Қазақстандағы жалпы өнім көлемінің 13% өңірге тиесілі

freepik
freepik

2026 жылы Түркістан облысында жүгеріні терең өңдейтін «Казкрахмал» өндірістік кешенін іске қосу жоспарланып отыр. Онда жылына 150 мың тонна өнім өндіріледі.

ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Ербол Тасжүрековтың сөзінше, онда 500 жұмыс орны құрылады.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, еліміздегі жалпы өнім көлемінің 13% өңірге тиесілі. Биыл 10 айда 1 трлн 86 млрд теңгенің өнімі өндірілген.

Сонымен қатар, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 34 мың гектарға ұлғайып, 907 мың гектарға егілген. Егіс құрылымына сәйкес, дәнді дақылдар көлемі 9 мың гектарға артып 342 мың гектарға, майлы дақылдар 2,4 мың гектарға артып 73 мың гектарға, мақта 38 мың гектарға артып 144,5 мың гектарға орналастырылды.

Түркістан облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешені Республикада ерекше орын алады. Республика бойынша өндірілген мақтаның - 100 %, жүзімнің -82 %, бақшаның – 75 %, жеміс-жидектің - 40 %, көкөністің – 30 %, жүгерінің - 27 облыстың еншісінде. Мал шаруашылығы бойынша өндірілген еттің 12 %, сүттің 13% облысқа тиесілі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.