Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Еңбек инспекторлары 55,1 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 08 желтоқсан, 2025 | 09:40
1 мин. - оқу уақыты

Еңбек инспекторлары 55,1 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады

Жалақыны кешіктірген басшыларға 470,7 млн теңге айыппұл салынды

Руслан Пряников
Руслан Пряников

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республика бойынша 494 кәсіпорында 10,4 мыңнан астам жұмыскерге көлемі 2,6 млрд теңге болатын жалақы қарызы бар екенін анықтады. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзудың шамамен 8 мың фактісі тіркелді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, жалақы бойынша берешекке және өзге де еңбек құқықтарының бұзылуына жол берген ұйымдардың басшыларына 3 781 міндетті ұйғарым беріліп, жалпы сомасы 470,7 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, соның ішінде берешекті өтеу бойынша нақты мерзімдер мен қатаң кестелер белгілеудің нәтижесінде 10,1 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды, оларға 2,2 млрд теңге көлемінде төлем жүргізілді.

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 886 тексеру өткізіп, 7 902 бұзушылық анықтады, соның ішінде: еңбек саласында – 6 362, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша – 1 495, халықты жұмыспен қамту саласында – 45.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 45 мың жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.