Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен, Халықаралық бағдарламалар орталығымен және «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-пен бірлесіп, атом саласы үшін кәсіби кадрлар даярлауға арналған жаңа гранттық бағдарламаны іске қосуға уағдаласты.
Бұл бастама елдегі атом энергетикасы жобалары үшін ұзақ мерзімді кадрлық резерв қалыптастыруды көздейді. Мемлекеттік және салалық институттардың бірлесуі адами капиталды дамытуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етіп, инженерлік, техникалық және ғылыми бағыттағы мамандарды тартуға мүмкіндік береді.
2026 жылы пилоттық режимде «Болашақ» бағдарламасы аясында атом саласына арнал¬ған 20 грант ұсынылады. Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мәліметінше, гранттар жыл сайын бөлініп отырады. Бағдарлама шетелдік жетекші университеттерде магистратура, докторантура және халықаралық тағылымдамаларды қамтиды.
Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, мамандардың біліктілігін арттыру – Қазақстанның заманауи энергетикалық кластерін қалыптастыру жөніндегі стратегиялық міндетке сай келеді. Оның сөзінше, жаңа гранттар – саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын адами әлеуетке салынған тікелей инвестиция болады.
Бағдарламаның іске қосылуы Қазақстан атом энергетикасының болашағы үшін ғылыми-техникалық әлеуетті күшейтіп, саланың мықты кадрлық базасын қалыптастыруға маңызды қадам болатынын атап өтті.