Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Президент «Qarmet» компаниясының даму жоспарларымен танысты
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 10 желтоқсан, 2025 | 14:08
1 мин. - оқу уақыты

Президент «Qarmet» компаниясының даму жоспарларымен танысты

«Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев компанияның биылғы нәтижелері мен инвестициялық бағдарламаларының негізгі бағыттары туралы айтып берді

Telegram / Aqorda
Telegram / Aqorda

Мемлекет басшысы «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады.

Андрей Лаврентьев компанияның биыл атқарған жұмысының алдын ала нәтижелері мен инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың негізгі бағыттарын таныстырды.

Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құны 28 пайызға арзандап, шығарылатын маркалардың түрі 260-тан 350-ге дейін ұлғайған. Компания басшысы 9 ірі инвестициялық жобадан тұратын кешенді бағдарламаны жүзеге асыру жайында баяндады.

Бұдан бөлек, болаттың жоғары сапалы жаңа маркаларын, соның ішінде атом электр станциясының құрылысына арналған өнім шығару жолға қойыла бастады. Сондай-ақ көмір және тау-кен бағытын дамыту бағдарламасы таныстырылды.

Еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік бастамаларға баса мән берілген.

Компания мен кәсіподақтар арасында жаңа ұжымдық келісімшарт жасалды. Құжат 35 мың еңбеккерге әлеуметтік кепілдік беруді қарастырады.

Qarmet жанынан ірі металлургиялық кластер құрылып жатқаны туралы да айтылды.

Бағдарлама «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингімен бірге іске асырылатын болады.

Сондай-ақ машина жасау зауыттарының өндіріс барысында отандық болатты пайдалануы бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

Президент Qarmet металлургия кешенінде атқарылған жұмысқа оң бағасын беріп, даму жоспарына қолдау білдірді.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы кәсіпорынды жан-жақты жаңғырту, әлеуметтік мәселелерді шешу, экологиялық жағдайды жақсарту, машина жасау өндірісін жандандыру шараларын жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.

Дереккөз: Ақорда

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.