Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Түркістанда джинсы матасын өндіретін зауыттың капсуласы салынды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 13 желтоқсан, 2025 | 14:19
1 мин. - оқу уақыты

Түркістанда джинсы матасын өндіретін зауыттың капсуласы салынды

Жоба құны 23,3 млрд теңгені құрайды

gov.kz
gov.kz

Түркістанда джинсы маталарын шығаратын кәсіпорынның іргетасы қаланды. Онда жылына 10 млн метр мата шығаруды жоспарланып отыр.

Мақта-мата жібін иіру мен джинсы маталарын өндіру желілерінің құрылысының капсуласын салуға қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірде мақта кластерін дамыту жұмысы басталғанын айтты. Оның сөзінде, бұдан былай өңірдегі мақта 100 пайыз обыста өңделіп, дайын өнімдер шығарылады.

Аталған нысанда жылына 10 млн метр джинсы маталары өндіру көзделген.. Жобаның жалпы құны 23,3 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ зауытта мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

«Turan» арнайы экономикалық аймағында орналасқан нысан жеке инвестор есебінен жүргізіледі. Жобаны үш кезең бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.