«ҚазТрансОйл» АҚ Польшада Еуропалық Одақтағы алғашқы өкілдігін ашты. Жаңа өкілдік компанияның Польшадағы мүдделерін қорғауға, Беларусь арқылы транзитті ұйымдастыруға және қазақстандық мұнайды Германияға, оның ішінде Шведт қаласындағы өңдеу зауытына тұрақты жеткізуге мүмкіндік береді.
Өкілдік халықаралық баламалы тасымалдау бағыттарын дамытуға және Қазақстанның әлемдік энергетикалық нарықтағы позициясын нығайтуға септігін тигізеді. «Адамова Застава» мұнай тапсыру пунктінде есептік операциялар да осы филиал арқылы жүргізілетін болады.
Дереккөз: ҚР Энергетика министрлігі