Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Өңдеу өнеркәсібінің өсуін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы әзірленеді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 19 желтоқсан, 2025 | 09:52
2 мин. - оқу уақыты

Өңдеу өнеркәсібінің өсуін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы әзірленеді

Үкімет оны экономикалық өсудің негізгі драйверлерінің бірі ретінде қарастырады

telegram / KZgovernment
telegram / KZgovernment

Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары және 2026 жылы экономикалық өсуді қолдау тетіктері қаралды.

Үкімет мәліметінше, өңдеу өнеркәсібінде 11 айғы қорытынды бойынша НКИ 105,9%. Өсу жыл қорытындысы бойынша 6% деңгейінде болуы мүмкін.

2025 жылғы қорытынды бойынша негізгі өңдеу салалары динамикасы металлургия (өңдеу құрылымында 40%) – өсу 1,1%, машина жасау (17,5%) – өсу 12%, тамақ өнеркәсібі (13,1%) – өсу 9% болады деп болжанған. Сондай-ақ құрылыс материалын өндіру (5,6%) – өсу 6%, химия өнеркәсібі (5,4%) – өсу 6%, жеңіл өнеркәсіп (0,7%) – өсу 5% болады деп күтіліп отыр.

Штаб өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту болжамына ерекше назар аударды. Түсті және қара металлургияны дамыту перспективасы, «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша қаржыландырылатын жобаларды іске асыру, өңірлердегі инфрақұрылымның жай-күйі және сала өсімінің тұрақтылығына әсер ететін басқа да факторлар қаралды.

Өңірлердің ресурстық және инфрақұрылымдық әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану қажеттілігін ескере отырып, вице-премьер экономикалық өсу үшін аса маңызды, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс материалын өндіруді қолдау шараларына назар аудара отырып, өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын дайындауды тапсырды.

Атап айтқанда: Алматы – 24,6 трлн теңге (автомобильдер, машиналар мен жабдықтар саудасы, фармацевтикалық өнімдер, шоколад); Астана – 10,9 трлн теңге (табиғи газ, дизель отыны, авиациялық бензин мен керосин, ет және сүт өнімдерін сату); Атырау облысы – 6,7 трлн теңге (мұнай өнімдері, машиналар мен жабдықтар); Қарағанды облысы – 4,5 трлн теңге (фармацевтикалық тауарлар, машиналар мен жабдықтар, косметикалық өнімдер); Шымкент – 3,6 трлн теңге (фармацевтикалық өнім, ЖЖМ, АӨК өнімі).

Сонымен қатар 760 мыңға жуық бизнес субъектісі бар бөлшек сауда құрылымында жеке кәсіпкерлердің тауар айналымы 10%-ға өсіп, 8,2 трлн теңгеге жетті. Жедел деректер бойынша, 11 айдағы онлайн сату көлемі 3,3 трлн теңге. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14,4%-ға артық.

Бұған қоса дәстүрлі дақылдардың тұрақты жоғары өнімділігі аясында биыл жоғары маржиналды майлы және бұршақ дақылы айтарлықтай өсуге әсер еткені айтылды. Бұршақ дақылынан 1,1 млн-нан асатын рекордтық өнім алынды. Алғаш рет майлы дақыл өндірісі көлемі 4,7 млн тоннаға жетті. Мақта жинау – 428 мың тонна. Оның өнімділігі 29,6 ц/га. Бұл – соңғы 18 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Дереккөз: Үкімет

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.