Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Маңғыстауда тәулігіне 10 мың текше метр су өндіретін жаңа нысан іске қосылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 20 желтоқсан, 2025 | 10:29
1 мин. - оқу уақыты

Маңғыстауда тәулігіне 10 мың текше метр су өндіретін жаңа нысан іске қосылды

Құрық ауылындағы су тұщыту зауыты бірнеше елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді

Маңғыстау облысының әкімдігі
Маңғыстау облысының әкімдігі

19 желтоқсан күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында тәулігіне 10 мың текше метр ауыз су өндіруге қауқарлы су тұщыту зауыты пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс басшылығы, ауыл ақсақалдары мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Аталған жоба Мемлекет басшысының су тапшылығын азайту және ауылдық аумақтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.

Зауытты «Алёка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салған. Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын нысанда 50 ұңғымадан су алынады. Өндірісте су тазартуға арналған құм сүзгілері, бетонды резервуарлар және тәулігіне 5 мың текше метр су өндіре алатын екі осмос қондырғысы орнатылған.

Жоба аясында Құрық ауылы тәулігіне 4 мың текше метр ауыз сумен қамтылады. Ал қалған су көлемі Жылы жағажай бағытына, Ақтау қаласына және Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылына жеткізіледі.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жаңа зауыт өңірдің инженерлік инфрақұрылымын дамытуға және ауыз су тапшылығы мәселесін шешуге елеулі үлес қосатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жоба тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, елді мекендерді таза ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасуына негіз болады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.