ERSAI индустриялық порты Құрық портында акватория мен кірме арнаның түбін тереңдету жұмыстарын бастады. Стратегиялық жоба теңіз түбінің тереңдігін 5 метрге дейін ұлғайтуға және портта жыл бойы үздіксіз навигацияны қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған жоба толықтай ERSAI компаниясының өз қаражаты есебінен қаржыландырылып отыр.
Жобаны іске асыруға дайындық кезеңінде компания Cutter Suction Dredger (CSD 650) типіндегі ERSAI 5 жеке жерснарядының құрылысын қаржыландырды. Бұл түбін тереңдету жұмыстарының мерзімі, сапасы және құны бойынша толық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Жоба 2026 жылғы қаңтар-маусым айлары аралығында іске асырылады. Акватория мен кірме арнаның жобалық тереңдігі 5 метрді құрайды. Түбін тереңдету жұмыстарының жалпы көлемі 1 млн текше метр болады.
Түбін тереңдету жұмыстары ERSAI компаниясының кешенді даму стратегиясының маңызды бөлігі болып саналады. Бұл стратегия аясында контейнерлік терминалды іске қосу және кеме жасау және кеме жөндеу қуаттарын кеңейту көзделген.
Жобаны жүзеге асыру Құрық порты арқылы жүк айналымын арттыруға, Орта дәліз бойындағы транзиттік ағындарды тартуға, сондай-ақ Каспий өңіріндегі болашақ инвестициялық жобаларға арналған инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған.
Дереккөз: ҚР Көлік министрлігі